Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтеді

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ- Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтеді, деп хабарлайды президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның ойынша, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар.

«Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды»,- деді Тоқаев.

Фото көзі: David W Cerny / Reuters


adimage