Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ- Алена Субботина. Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

"Тонировкаға рұқсат беру мәселесі бұрыннан бері көтеріліп келеді. Қазір ІІМ оған салынған тыйым тарихын зерттеп жатыр. Мәселені депутаттар да көтерген. Кеден одағының регламентінде тонировка мәселесі жазылғанын, оған шектеу жүргізуші, жолаушыны тануға кедергі келтіргені үшін қойылған. Бұл қаншалықты мүмкін? Әлде қаншалықты зиян? Зерттеліп жатыр. Жақын арада біз сарапшылық қорытындымызды береміз", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев.

Атап айтқанда, полиция тонировканың жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп жағдайына әсерін зерттейді.

Фото көзі: Фото из открытых источников.


adimage