Бектенов «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құрылысының қарқынын тексерді

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ- Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құрылысының қарқынын тексерді, деп хабарлайды премьер – министрдің баспасөз қызметі.

«Зымырандарды ұшыру мерзімдерін өзгертпеу керек. Үш ұшырылымның біріншісі келесі жылы өтуі тиіс. Жоба “Байқоңыр” кешенінің белсенді жұмысын қамтамасыз ету үшін аса қажет. Бұл орайда бірлескен кәсіпорындағы еңбек ұжымының жұмысы да маңызды. Сондай-ақ ғылыми ортамен де өзара тығыз іс-қимылды үзбеу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ғарыштық зымыран кешенінің құрылысы «Союз-5» жаңа зымыран тасығыштарын ұшыруға арналған «Зенит-М» ҒЗК инфрақұрылымы базасында жүргізіліп жатыр. 2018 жылы ресейлік тарап алаңды жалға алуды тоқтатқаннан кейін нысанды қазақстандық мамандар пайдалануда. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2028 жылдың мамырына жоспарланған, ал алғашқы ұшу сынақтарын 2025 жылы бастау жоспарланып отыр. Кешеннің жылына 6-8 зымыран ұшыруға мүмкіндігі бар.

Фото көзі: из открытых источников


adimage