Электрондық үкіметтің веб-порталы бойынша талаптарды өзгертпек

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ – Электрондық үкіметтің веб-порталы бойынша талаптарды өзгертпек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Электрондық үкіметтің веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарында: 1-тармақта: 3)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр», - деп Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жобасында айтылған.

Түсіндірме жазбаға сәйкес, жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздемейді.

Фото көзі: ortcom.kz


adimage