Қонаев қаласында болған атысқа қатысушылардың барлығы анықталды

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ- Алена Субботина. Қонаев қаласында болған атысқа қатысушылардың барлығы анықталды, деп хабарлайды агентіктьің тілшісі.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Қазір ұстау шаралары жүргізіліп жатыр",-деді ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев.

Ол жанжал салдарынан ауруханаға оқ жарақатынан екі адам түскенін мәлімдеді.

"Біреуі, өкінішке қарай, көз жұмды", - деді Қожаев.

adimage