Қонаевта кісі өліміне әкеліп соқтырған атыс болды

Қонаев. 27 маусым. ҚазТАГ- Қонаевта кісі өліміне әкеліп соқтырған атыс болды, деп хабарлайды агентіктің тілшісі.

«Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыс жасады деген күдікті адамдарды ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар өтіп жатыр», - деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасады және облыстық департамент басшылығының жеке бақылауында.

Telegram-канал EgovPress хабарлағандай , атыс салдарынан 2003 жылы туған жігіт қайтыс болған. Қалған зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Фото көзі: Фото из открытых источников.


adimage