ШЫҰ саммиті: Астанада діни нысандар бақылауға алынды, блок- посттар қойылды

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ-Алена Субботина. Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінің өтуіне байланысты полиция мешіттер мен шіркеулерді бақылауға алынады, деп хабарлайды Ішкі істер министрінің бірінші орынбасар Марат Қожаев.

«Елімізде, елордада геосаяси тұрғыда зор маңызы бар өте ауқымды саяси іс-шара өтетіндігіне байланысты қазіргі уақытта полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Сондықтан да мұндай шаралар қолданылады. Бұл – Қазақстан тапқан дүние емес, халықаралық тәжірибе. Біз мұның бәрін ең алдымен халықтың қауіпсіздігі үшін жасаймыз. Мәртебелі меймандар, үлкен делегация келетіндігіне байланысты алдын ала ескертеміз», - деді Қожаев бейсенбі күні.

Сонымен қатар министрдің бірінші орынбасары елорда төңірегіне блок-посттар орнатылғанын айтты.

«Стратегиялық мекемелер күзетке алынған. Көрші мемлекеттерде болған оқиғаларға байланысты жасақтарымызды діни және өзге де нысандарға жақындаттық»,- деді вице-министр.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage