Төтенше жағдайлар министрі Тоқаевқа атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді

Астана. 20 маусым. ҚазТАГ- Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді»,- делінген хабарламада.

Шыңғыс Әрінов:

• Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндады;

• Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында айтты;

• 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған. Бұдан бөлек, министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде;

• құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы мәлімет берілді.

adimage